«Шара нәтижесінде ішкі істер органдарына 2,1 мың азамат жүгініп, олар өз еріктерімен 3 мыңға жуық атыс қаруын, 60 мыңнан астам оқ-дәрі мен 14 келі жарылғыш заттарды тапсырды. Халықтан қару-жарақтарды сатып алу шарасы 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Шараның тиімділігіне соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қымлыстардың 55 пайызға төмендеуі дәлел бола алады», - деді Алмас Садубаев.
Сонымен қатар ол азаматтардың қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еріктерімен қайтарымсыз негізде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналасқанын атап өткен.