«Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд 271 млн теңгені құрайтын 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды», -деді қала басшысы.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында үш елді мекен көгілдір отынмен қамтылғанын хабарлаған болатынбыз.