2023 жылы Қазақстанда қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленді
2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Kazinform бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Оның қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметіФото: ҰҚК баспасөз қызметіФото: ҰҚК баспасөз қызметі
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.