НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы Қысқы универсиадада бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қысқы универсиада 2023 жылы 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэси қаласында өтеді. Онда ерлер арасындағы шайбалы хоккей турниріне 12 елдің құрамасы қатысады. Олардың арасында Қазақстан құрамасы да бар.
Сондай-ақ, шайбалы хоккей турнирінде Канада, Чехия, Ұлыбритания, Венгрия, Жапония, Корея, Латвия, Словакия, Швеция, Украина және АҚШ құрамалары бар. Құрамалар екі топқа бөлінеді. Әрбір топта алғашқы 2 орын алғандары плей-офф сатысына шығады.
Айта кетсек, әзірге әйелдер арасындағы хоккей турниріне қатысатын алты құрама белгілі. Мұндай мүмкіндікке Канада, Чехия, Ұлыбритания, Жапония, Словакия және АҚШ қол жеткізген.
Ойын кестесі кейінірек белгілі болады.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогында «Барыс» жеңімпаз атанды .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.