«Барыс» - шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының иегері
Үшінші кездесуде қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен шеберлік байқасты.
Алғашқы екі ойында жеңіске жеткен «Металлург» 4 ұпаймен көш басында тұрған еді. Ал «Барыстың» еншісінде 3 ұпай бар болатын.
Кездесу барысында елордалық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Десе де, есепті ресейлік хоккейші Филипп Майе 27-минутта ашты. Одан кейін «Барыс» сапынан Дінмұхамед Қайыржан 33, Джереми Бракко 34, Энтони Луис 37-минуттарда үш шайба соқты.
Ал 50-минутта «Металлург» хоккейшісі Валерий Орехов мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
Екінші орын «Металлург» командасына бұйырса, үздік үштікті «Автомобилист» командасы қорытындылады.
Бұған дейінгі екі ойында «Барыс» алдымен «Автомобилистке» 3:4 есебімен ж ол беріп, одан кейін «Нефтехимикті» 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Аталған турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.
Бұған дейін «Барыс» 2010, 2011, 2013, 201, 2019, 2021 жылдарда турнир жеңімпазы атанды.