22:31, 16 Тамыз 2022 | GMT +5
Хоккейден Президент кубогында «Барыс» алғашқы ойында жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирде елордалық «Барыс» бірінші ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.
Ойын барысында қазақстандық клубтан Никита Михайлис - 13, Джереми Бракко - 32, Энтони Луис 52-минуттарда гол соқты. Оған қарсылас команда үш голмен жауап берді.
Осылайша негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті.
Аталған турнирдегі тағы бір кездесуде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубы «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасынан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» екінші ойынын 17 тамызда «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, турнирге қатысуға ниет білдірген Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы жарысқа келе алмайтынын мәлімдеген еді.
Фото: hcbarys.kz