Хоккейден Президент кубогына қатысатын командалар азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогына қатысатын командалар тізімінде өзгерістер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирге қатысуға ниет білдірген Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы жарысқа келе алмайтынын мәлімдеген.

Нәтижесінде енді онда төрт команда бақ сынайды.

Олардың қатарында қазақстандық «Барыстан» басқа Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары бар.

Жаңартылған ойын кестесі:

16 тамыз (сейсенбі)

15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»

19:30 «Барыс» - «Автомобилист»

17 тамыз (сәрсенбі)

15:00 «Автомобилист» - «Металлург»

19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»

19 тамыз (жұма)

15:00 «Нефтехимик» - «Автомобилист»

19:30 «Металлург» - «Барыс»

Командалар бір айналымнан тұратын турнир өткізеді. Оның қорытындысы бойынша кубок жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.





Фото: www.teahub.io



Соңғы жаңалықтар