2023 жылы елорда мен Алматыда ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника ашылады
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынып жатыр. Келесі жылдың басында қызмет көрсетуге беріледі. Бұл орталықтар JCI талаптарын ескере отырып, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес болады», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол Президент мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, 20 аурухана салуға қатысты да тапсырма бергенін атап өтті.
«Осы тапсырма қайта қаралып, 8 жобаға дейін оңтайландырылды, 5 университеттік аурухана, 3 көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр», - деді министр.
Осыған дейін Биыл 20 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйым ашылатынын хабарлаған едік.