— Қызметтердің негізгі көлемі, 5,3 миллиард теңге бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды — халықтан түскен қаражат және 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен орындалды, — делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша ең көп қызмет көрсету көлемі Астана мен Алматы қалаларында болды — әрқайсысында 14 миллиард теңге.
Алғашқы үштікке сондай-ақ Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) енді. Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген — 107 518 мың теңге.
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай «Стоматологиялық қызмет» саласында 2947 заңды тұлға мен филиал, сондай-ақ 2921 жеке кәсіпкер тіркелген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда ІІ топ мүгедегі тіс емханасының сапасыз қызметі үшін сотқа жүгінгенін жазған болатынбыз.