- 2024 жылы телекоммуникациялар комитеті байланыс операторларына қатысты 357 тексеру жүргізді. Нәтижесінде, 1 млрд 184 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген Цифрлық даму министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, жақында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатқанын хабарлады.
Былтыр қарашадағы статистика бойынша елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда смартфондарды тіркеу ережесі өзгереді.