Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғайды.
Біздің спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Қытай құрамасымен кездесіп, сегіз эндтің қорытындысы бойынша 11:5 есебімен қарсыластарына жол берді.
Айта кетейік, Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары кірген.
Бүгін, 4 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының керлинг спортынан жарыстар басталатынын жазған болатынбыз.