Қысқы Азия ойындары: Бүгін қай спорт түрлерінен жарыстар басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін 4 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының керлинг спортынан жарыстар басталады.

Кто представит Казахстан по керлингу на Азиаде-2025
Фото: pixabay

Сондай-ақ, хоккейден Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы сынға түседі.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:

Керлинг (аралас жұп)

4 ақпан, 8:00. Қытай – Қазақстан

Амина Сейтжанова және Азизбек Надирбаев

Шайбалы хоккей

4 ақпан, 13:00. Тайланд – Қазақстан (Ерлер)

4 ақпан, 16:30. Тайланд – Қазақстан (Әйелдер)

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады

Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы кеше В тобындағы алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Соңғы жаңалықтар