- Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутекті өндіру бойынша көрсеткіштері негізінде 2025 жылға арналған мұнай өндіру көлемі жобалық құжаттарға сәйкес 96,2 млн тоннаны құрайды, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, былтыр желтоқса айында Үкімет басшысы газ бен мұнай өндіруді арттыруды тапсырды.
2024 жылдың аяғында ОПЕК елдері мұнай өндіруді 2026 жылға дейін қысқартуға келісті. Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растады және ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті.
2026 жылдан Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады.