2025 жылы көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына алынған несиелердің пайызына субсидия төленбейді

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамаға көктемгі егіс жұмыстарына тартылған несиенің пайыздық мөлшерлемесін бюджет есебінен ішінара субсидиялау шарасын доғару туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

- 2025 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын жылдық 5% мөлшерлемемен кеңейту көзделіп отыр. Осыған байланысты көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қарыз шарттарын субсидиялаудан алып тастау көзделеді, - деп жазылған құжаттың баспасөз релизінде.

Бұйрық жобасы 31 желтоқсанға дейін талқылауда болады.

Еске салсақ, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан субсидиялардың экономикалық қайтарымы мардымсыз екенін сынаған еді.