2025 жылы Қазақстандағы импорт үлесі 59%-дан 37%-ға қысқарады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарламаарқылы 2025 жылы Қазақстандағы импорт үлесі 59%-дан 37%-ға қысқарады.

«Елбасыміндеттеген «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында өңдеуөнеркәсібі, қызмет көрсету, агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу және өндіріссалаларын қолдауға 600 млрд теңге бөлінді. Биылғы 15 шілдедегі жағдай бойыншабанктер 50 млрд теңге сомасына 100-ден астам жобаны мақұлдап, 280 млрд теңгеболатын 180 жобаны қарастыруда», - деді министр Үкіметтің кеңейтілгенотырысында.

Тек осыбастапқы жобалар бойынша жыл сайын 2 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, салық түсімдерін 6,2 млрд теңгеге ұлғайтукөзделген.

«Қарапайымзаттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру арқылы 2025 жылға қарай импортүлесі 59%-дан 37%-ға дейін қысқарады. Біз мемлекеттік сатып алудағы жергілікті нарықты қамтужұмысын жалғастырамыз және оның үлесін ұлғайту бойынша тиісті шараларқабылдаймыз», - деді Р. Скляр.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.


Соңғы жаңалықтар