2026 жылғы әлем чемпионатының билеттеріне сұраныс тым жоғары – FIFA

АСТАНА. KAZINFORM – FIFA 2026 жылғы әлем чемпионаты билеттеріне рекордтық 500 миллионнан астам өтінім түскенін жариялады. Өтінім беру кезеңі бір айға созылды, деп хабарлайды The Athletic.

Фото: mannattvpunjabi.com

FIFA 104 матчтың әрқайсысы үшін жеребе тарту рәсімін өткізеді. Ақпан айында таңдалған қатысушыларға билет таратылады. Бұл шешім былтыр қазан және қараша айларында шамамен 2 миллион билет сатылып, турнирге 4-5 миллион билет қалған соң қабылданды. 

Топтық кезеңнен финалға дейінгі барлық ойынның билеттері бұрынғы әлем чемпионаттарына қарағанда бірнеше есе қымбат болады. Бұл – Солтүстік Америка мен шетелдегі кейбір жанкүйерлердің турнирді теледидардан көретініне тікелей байланысты. Сондай-ақ 500 миллионнан астам өтінім арасында билетті ертерек сатып алып, оны қайта сатуды жоспарлап отырғандары да бар болуы мүмкін.

FIFA жеребе нәтижелері туралы жанкүйерлерді 5 ақпаннан бастап хабардар етеді. Ал турнир 11 маусымда Мехико қаласында басталып, қалған 104 матч АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді.

Бұған дейін финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтетіні хабарланған еді.