Бұл сайыста ел намысын Лев Черепанов пен Ғалымжан Балабек қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Черепанов үздік ондыққа еніп, 0:56:00 уақыт көрсеткішімен сегізінші орын алды.
Ал Балабек 0:59:49.4 уақыт нәтижесін тіркеп, 13-орынға тұрақтады.
Алтын медальді қытайлық Цзыян Чжан (0:53:46) жеңіп алды. Екінші орынды вьетнамдық Хоан Хуэй Нгуен (0:53:53.2) иеленсе, қола жүлде Туан Ань Тран Майға (Вьетнам) бұйырды - 0:53:56.3.
Жарысқа барлығы 28 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Қазақстанның үш командасы 2026 жылғы Азия ойындарында 1/8 финалға шықты.