Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ мөлшері LTV коэффициентіне (кредит сомасының кепіл құнына қатынасы) байланысты белгіленбек.
— Егер LTV көрсеткіші 0,7-ге дейін немесе тең болса, шекті мөлшерлеме 20 пайызды құрайды, ал 0,7-ден жоғары болған жағдайда 25 пайыз деңгейінде сақталады, — делінген құжатта.
Сонымен қатар 2026 жылғы 1 шілде мен 2027 жылғы 1 қаңтар аралығында ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ шекті мөлшері 25 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалады.
Айта кетейік, Отбасы банк 70 мың салымшыға 1,6 трлн теңге жеңілдетілген ипотекалық қарыз береді.
Сонымен қатар ипотекалық несие мөлшерлемесін төмендететін жаңа әдістеме әзірленген еді.