— 2024 жылдың қорытындысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының 12,8 мың жаңа оқушы орнын енгізу туралы жоспары орындалмаған. Талдау 205 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасындағы құны ұлттық жобаның есептік құнынан 250 млрд теңгеге асып түскен, — деді ол.
Сондай-ақ, 32 мектепте құрылыс толық аяқталмаса да сабақ жүріп жатқан көрінеді.
— Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылға жоспарланған 111 мектептің 105-інің құрылысы аяқталғанымен, оның тек 13-і ғана пайдалануға берілген. Жалпы 32 мектепте нысандар қабылданбаса да білім процесі жүргізіліп жатыр, — деді палата өкілі.
Сондай-ақ, ол Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткенін атап өтті.