210 млрд теңге: 1,6 млн бала мектепте тегін тамақпен қамтылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 1-4 сыныптардағы 1,4 млн оқушы және әлеуметтік осал санаттағы 5-11 сыныптардың 230 мыңнан астам оқушысы мектептегі тегін тамақпен қамтылды. Бұл мақсатқа 2026 жылы 210 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды.

Фото: Мухтор Холдорбеков\Kazinform

Балаларға арналған қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады. 

Фото: Үкімет

Ашықтықты арттыру үшін тамақтану есебі «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен біріктірілген: автоматтандырылған жүйе әр оқушының тамақтану фактісін, күнін және уақытын тіркейді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, экологиялық тақырып жаратылыстану, география, биология, химия, физика және технология бағдарламаларына біріктірілген. 

Мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» бірлестігі жұмыс істейді, оларға 125 мыңнан астам бала барып жүр. ProEko республикалық экологиялық жобалар конкурсына 38,7 мың оқушы қатысты.

Осы жылдың соңына дейін білім беру ұйымдарында экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын қабылдау жоспарланып отыр. Оны енгізудің іс жүзіндегі тетігі «Жасыл мектеп» ұлттық моделі болмақ. Қазір модель 85 мектепте сыналуда, болашақта оны 1 мың мектепке дейін кеңінен тараты жоспарланған.

Үкімет жетекшісі оқу орындарында экологиялық ағарту бойынша жүйелі шаралар жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктеріне бұл жұмысты оқушылар мен студенттер арасында күшейту тапсырылды.

Бұған дейін Президент оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы «Гүлденген социализм» тұсында да мұндай қамқорлық болмаған деген еді.