Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республика ұстаздары білім беру сапасын арттырудың стратегиялық басымдықтарын анықтау және республиканың білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында тәрбие беру бойынша шараларды талқыға салады.
Сондай-ақ тамыз педагогикалық мәслихаты аясында секциялық отырыстар өткізіледі. Олардың аясында «12 жылдық оқытуға көшу. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету» конференциясы ұйымдастырылады.және «Ұлттық құндылықтарды дамыту аясындағы тәрбие жұмысының жаңа бағыттары» тақырыптары талқыланады.