22 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 22 наурыз сағат 08:30–дегі жағдай бойынша, барлық көлік түрі үшін қозғалыс келесі жол учаскелерінде шектелді:
Ақмола облысы
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 346-407-шақырымы (Жақсы кенті — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы аралығы).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407-429-шақырымы (Ақмола облысы шекарасы — Чистополье ауылы аралығы);
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырымы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы аралығы).
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, синоптиктер бұған дейін 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласында ескерту жасаған еді.