Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, аптап ыстық пен тұман күтіледі. Сонымен қатар жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана – кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы – өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қала аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы – түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде нөсер, бұршақ, дауыл соғып, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы – түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы – күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы – желдің екпіні 15–18 м/с. Күндіз 35–39 градусқа дейін аптап ыстық болады. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, күшті жел тұрады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы – таулы аудандарда түнде, ал күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы – түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы – кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы – кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы – төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы – желдің екпіні 15–18 м/с. Күндіз ауа температурасы 38–42 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және күшті жел тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысы – таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен күшті жел тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент – өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дауыл тұрып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысы – облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, бүгін Астанада бір күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің үштен бірі жауды.