248,2 пайыз: Қытайдың Нанкин портында автокөлік экспортының күрт артқаны байқалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында орналасқан Нанкин портынан Мексикаға 2 885 қытайлық автокөлік тиелген «Tang Hong» ро-ро кемесі жолға шықты. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.

Фото: Xinhua

25 қарашада түсірілген дрон фотосынан Нанкин портынан шығып бара жатқан ро-ро кемесін көруге болады. Сәрсенбі күні «Tang Hong» кемесі Мексикаға бет алды. Оның бортына Қытайда шығарылған 2 885 автокөлік тиелген.

Фото: Xinhua

Биыл осы уақытқа дейін Нанкин порты арқылы жалпы саны 12 270 отандық автокөлік экспортталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 248,2 пайызға көп.

23 қарашадағы фотода Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин портында жергілікті шекаралық бақылау бекетінің қызметкерлері экспортқа шығарылатын көліктерді тексеріп жатты. «Tang Hong» ро-ро кемесі сол күні Мексикаға жөнелтілу үшін Қытайда жасалған 2 885 автокөлікті тиеген.

Сондай-ақ әуеден жасалған фотода Нанкин портында кемеге тиелуін күтіп тұрған отандық автокөліктер де байқалады.

24 қарашада түсірілген тағы бір дрон фотосында экспортқа шығарылатын автокөліктердің Нанкин портындағы ро-ро кемесіне тиеліп жатқаны көрінеді.

Биыл Нанкин порты арқылы экспортталған отандық автокөліктер саны 12 270-ке жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 248,2 пайызға артты.

Еске сала кетсек, Қазақстанда шығарылған автокөліктерге қосымша жеңілдіктер жасалуы мүмкін екенін жаздық.