25 қарашада елдегі қандай жолдарда шектеу бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елдегі республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде шектеулер бар.

Фото: Kazinform / ЖИ

«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде жылдамдық режимі өзгертілді.

2026 жылғы 25 қарашада сағат 02:15–тен бастап көктайғақ болуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Көкшетау (айналма жолмен) — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18–125 шақырымы аралығында (Астана қаласы — Айдарлы ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін төмендетілді.

Сондай-ақ «Астана — Көкшетау (айналма жолмен) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 125–232 шақырымы аралығында (Айдарлы ауылы — Щучинск қаласы учаскесі) барлық автокөлік түрлері үшін жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымнан 110 шақырымға дейін өзгертілді.

Бұған дейін қалың қарға байланысты 25 қараша сағат 08:00–ге дейін облыстық маңызы бар «Өскемен — Тарғын — Самар» автожолының 63–145 шақырымы аралығында (Тарғын және Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түріне қозғалыс жабылғаны хабарланған болатын.