Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.
— Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген, — делінген прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетелік «S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірген еді.