26 наурызда ауа райы қандай болады

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM -  Қазгидромет Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бейсенбі, 26 наурызда еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың қиыр солтүстігінде жауын-шашын жауады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түседі. Солтүстік пен шығыста көктайғақ болады. Ал батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жел күшейеді.

Бұған дейін 25 наурызда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазған болатынбыз.

Қазгидромет 25 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.