26 суретші робот байқауға қатысып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - RobotArt суретші роботтардың алғашқы байқауында 100 мың доллар бәйге үшін 26 робот сайысып жатыр, деп жазды The Guardian басылымы. 18 сәуірде ашық дауыс беру басталды, жеңімпаздар 15 мамырда анықталады.

Шараны ұйымдастырушы Эндрю Конрудың айтуына қарағанда, байқау мақсаты - студенттерді шығармашылыққа шабыттандырып, назарларын технологияларға аударту.

Қатысушылардың бірі - Констанцский университетінің (Германия) профессоры Оливер Дойсен құрастырған бір қолы ғана бар e-David роботы. Оған пайдалануға бес қылқалам, 24 түсті бояу мен өз жұмыстарын түсіруге арналған фотоаппарат берілген. E-David бояуларды өзі таңдайды.

Келесі суретші Ван Арман роботының салған портреттерінің құны 100 - 2000 доллар шамасында. Ол барлығы мыңға жуық туынды салған. Роботтың портретті салуына 12-ден 24 сағатқа дейін уақыт кететініне қарамастан, оған өз бейнесін салдыруға ықыластылар көптігі соншалықты, кезек жарты жылға созылып кеткен.

Қалған роботтардың суреттері сатылмайды, дейді шараны ұйымдастырушы Эндрю Конру. Алайда роботтардың суреттері нағыз өнерге айналып бара жатыр, олар салған картинаны сатып алатындар да бар екен.