1988 жылғы Амангелді Ақынов 11 мамырда жоғалып кеткен, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Ол жұмыстан шығып белгісіз бағытқа кеткен, үйіне оралмаған. 16 мамырда оның жоғалып кеткендігі жөнінде 31 жастағы әкесі шағымданған.
Амангелді Ақынов орташа салмақты, бойы шамамен 170-175 см, көзі және шашы қара. Көк түсті костюм мен шалбар, ақ жейде, қара туфли киген.
Облыстық ІІД-нің тәжірибелі жедел уәкілдерінен тергеу-жедел тобы құрылды. Олар іздестірумен айналысады. Полиция тұрғындардан жігітке қатысты қандай да бір ақпаратты білетіндер болса хабарлауын сұрайды.