280-нен астам әскери қызметші Оралдан Атырау облысына көмекке аттанды
ОРАЛ. KAZINFORM — Қызылорда мен Маңғыстау облыстары төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы және ТЖ министрлігі Қарағанды қаласындағы 52859-әскери бөлімінің әскерлері Орал қаласынан Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке аттанды.
Фото: БҚО ТЖД
Жолға жиналған 281 қызметкерді шығарып салу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының атынан қиын сәтте қолдау білдіргендері үшін әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, алғысхаттар табыс етті.
Фото: БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны болып, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде өзге өңірлерден әскери құрылымдардың, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары келген болатын. Олар су тасқынының алдын алуға атсалысты.
Фото: БҚО ТЖД
Қазіргі таңда облыс көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді. Соған байланысты әскери қызметшілердің алдыңғы легі кейін қайта бастады.
Фото: БҚО ТЖДФото: БҚО ТЖД
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендегенін жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).