29 қазанда әлемдік мұнай арзандап кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Бейсенбі күні әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Фото: Kazinform/ЖИ

29 қазан күні таңертең Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 114,63 доллар болды. Баға 0,69 долларға немесе 0,6%-ға төмендеді.

WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 101,74 доллар болды. Ол 1,04 долларға немесе 1,01%-ға арзандады.

Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы барреліне 111,56 долларға дейін төмендеді.

Бұған дейін Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран елдері өңірлік мәселелер бойынша, соның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінде ынтымақтастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келіскен еді.

Еске салсақ, 28 қазанда әлемдік мұнай бағасы өскен еді.