29 тамызда бірқатар өңірде ескерту жарияланды: қай аймақтарда ауа райы қолайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 29 тамызға дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлімдеді.

Фото: Қарлыбай Бақдәулет

Астанада түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте ауа температурасы 35°С-қа дейін жететін қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35… 37°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 35°С-қа дейін қатты ыстық болады. Қонаевта ауа температурасы 35… 36°С-қа дейін көтеріледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Петропавлда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында орталықта, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, ал жалпы облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің батыста және орталықта екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20, ал батысында, солтүстігінде және шығысында кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Павлодарда жаңбыр, найзағай, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр және бұршақ жауады. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында күндіз солтүстік-шығыста және таулы аудандарда солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің солтүстікте және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда да төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35… 37°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35… 36°С-қа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін жаздың соңғы күндерінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауатыны хабарланды.