ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша
Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолын кесті.
Облыстағы бір кәсіпорынның басшысы «Ақтөбе облысы Байғанин ауданында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иеленіп алған.
Байғанин аудандық сотының үкіміне сәйкес кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.