32 алаяқтық: Алматыда күдікті жоқ пәтерлерді жалға беремін деп адамдарды алдап келген

АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматыда интернет арқылы жасалған алаяқтықтың жолы кесілді.

Фото: ІІМ

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғын үйді жалға беру кезінде жасалған интернет-алаяқтық деректерінің жолын кескен.

Күдікті әлеуметтік желілер мен интернетте тәуліктік пәтер жалға берілетіні туралы хабарландырулар жариялаған. Алайда ұсынылған баспана шын мәнінде болмаған.

Жарнамаға қызығып, пәтер жалдауға ниет білдірген азаматтар уәде етілген тұрғын үйге қол жеткізе алмай, алаяқтың құрбанына айналған.

Еске салайық, Алматыда ес-түссіз күйдегі ер адамды пәтерінен көтеріп әкеткені хабарланды.