Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ОІІД сілтеме жасап хабарлады.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қару-жарақтардың иелері тексерілді.
Нәтижесінде іс-шараның 1 күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 17 қару иесіне, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.