Облыстық ІІД брифингте хабарлағандай, санкциялық тінту жұмыстарын өткізу барысында Селиверстов көшесі бойынша орналасқан күдіктінің үйінде
1,19 гр. героин, сондай-ақ 15 мың теңге анықталып, тәркіленді.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті бұған дейін осыған ұқсақ бап бойынша істі болған, нашақор ретінде есепке алынған. Қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына қамалды.