36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Фото: pixabay.com/Max Zolotukhin

АCТАНА. KAZINFORM – Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр. 

2025 жылдың басынан бері:

  • жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
  • жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
  • 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
  • 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
  • 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

— 227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.  

АФМ-нің «Baiqa, piramida!» атты Telegram-боты арқылы кез келген компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.

Айта кетелік Harmony Rider Technology қаржы пирамидасы ақтөбеліктерден 197 млн теңге жымқырғаны туралы жазған едік