Harmony Rider Technology қаржы пирамидасы ақтөбеліктерден 197 млн теңге жымқырған

АCТАНА. KAZINFORM - Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Harmony Rider Technology қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Дерекке қарағанда, өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарға жоғары табыс әкелуге уәде еткен.

- Алайда, іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қаторде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған, - деп жазды тексеруші органнан.

Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды.

Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің 6 өңірінде — Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Астана және Алматы қалаларында HRT қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін құру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жақында СҚО-да Sincere Systems Group қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар