+36 °С-тан үсікке дейін: қыркүйекте Қостанай облысында ауа райы күрт өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл қыркүйек айында Қостанай облысында ауа температурасы күрт өзгеріп, үсік түсіп, қатты жел тұрады деп болжанып отыр. Дегенмен айлық орташа температура климаттық нормада қалады.

Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің консультативтік болжамы бойынша қыркүйектегі орташа температура 12… 15,6 °С болады, бұл ретте әдеттегі температура 11,3… 15,9 °С.

Айдың алғашқы онкүндігінде қатты аптаптан кейін ауа райының күрт суытуы болжанып отыр. Түнде температура 17… 22 °С-тан, облыстың батысында 13 °С-тан 1… 6 °С- ге дейін төмендейді. Жерде топырақтың бетіне қырау қатып, температура −1 °С-қа дейін қатуы мүмкін. Күндіз термометр бағанасы 31… 36 °С-тан 15… 20 °С-қа дейін төмендеп кетеді. Одан әрі күн қайтадан жылынады: түнде 8… 13 °С-қа, күндіз 22… 27 °С-қа дейін көтеріледі.

Айдың екінші онкүндігінде күн салқындайды деп болжанып отыр. Түнде температура 1… 6 °С-қа дейін төмендеп, топырақтың бетінде −1 °С қатқақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 15… 20 °С, облыстың солтүстігінде 9 °С болады. Бұдан соң температура түнде 6… 11 °С-қа, ал күндіз 20… 25 °С-қа көтеріледі.

Үшінші онкүндікте түнде температура 1… 6 °С болады деп болжанып отыр, бұл ретте облыстың солтүстік тарабында −3 °С-қа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз температура 10… 15 °С болады деп болжанды. Әрі қарай қайтадан температура түнде 5… 10 °С-қа, күндіз 15… 20 °С-қа дейін жылиды.

Облыстың аз ғана бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, яғни шамамен 7-31 мм аралығында, ал өңірдің солтүстік-шығысында шамадан тыс жауын-шашын түседі. Жаңбыр бірінші және екінші онкүндіктің ортасына таман, сонымен қатар үшінші онкүндіктің басында жауады деген болжам бар.

Соған қоса қыркүйекте синоптиктер желдің 15–20 м/с-қа дейін күшеюін жиі болжап отыр, ал айдың соңында тұман түсуі ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 18–20 тамызға ауа райы болжамын ұсынды.

Райхан Рахметова