Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағтында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері жолдарда 1 млн. 600 мыңға тарта жол ережелерін бұзу анықталған. «Автокөлікті мас күйінде басқарған 39 мың адам ұсталды. Соттар арқылы 31 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды. 4,5 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды», - дейді министр Қ. Қасымов.
Оның сөзіне қарағанда, келер жылдан бастап автокөліктерді тіркеу қызметтері, жүргізуші куәліктерін беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асатын болады. Бұндай орталықтың алғашқылары Қарағанды, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында ашылмақ.