Күдікті бірнеше рет 54 жастағы ақтөбелікке есірткі сатқан. Сатылған есірткінің салмағы 3.68 грамм. Күдікті бұрында да денсаулыққа зиян келтіргені үшін істі болған. Оған қоса, есірткі пайдаланып алып, көлік жүргізгені үшін әкімшілік жазаға кесілген.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы «Есірткі сатқаны үшін» бойынша қылмыстық іс қозғалған.