ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божко басқарған басшылық штабы Петропавл қаласында орналасатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әзірлігін арттыру мен ден қою деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.
«Қыс 2015» оқу-жаттығу барысында барлық республика аумағында ТЖ-ны жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізіледі.