«Болгарлық тарап Алматыдан Бургасқа ағымдағы жылғы алғашқы әуе рейсі 4 маусымға жоспарланғанын айтты. Ол «Bulgaria Air» ұлттық әуе компаниясымен үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегіне дейін аптасына екі рет ұшумен жүзеге асырылады», - делінген комитеттің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада. Сондай-ақ 2014 жылы 26 маусымда өзге болгарлық әуе тасымалдаушы «BH Air» Астанадан Бургасқа дейін жаңа әуе рейсін ашпақ.
12:16, 03 Маусым 2014
4 маусымнан бастап «Алматы-Бургас» әуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы-Бургас» әуе рейсі 4 маусымнан бастап ұша бастайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевпен кездесуі барысында Қазақстандағы Болгария елшісі Иван Димитров хабарлады.