4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат – Азия чемпионы

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Жарыстағы жолы:

1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев
1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар
1/2 финал. Бехрузи Хожазода

Айта кетейік, Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатындағы алғашқы медальді алды.