Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында күндіз 35... 38°C ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз ауа температурасы 36... 38°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз 35... 38°C қатты ыстық болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 35°C ыстық. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр, шығысы мен таулы аудандарында найзағай ойнайды. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз 35... 37°C ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35... 37°C ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз 35... 38°C ыстық. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз 36... 38°C ыстық болып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз 35°C қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кешке нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кешке таулы аудандарда жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Күндіз 35... 38°C ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35... 37°C ыстық болады.
Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 40... 41°C ыстық болады. Облыс бойынша төтенше, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 40°C аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 36... 39°C аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 37... 39°C аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде күндіз 35°C аптап ыстық болады. Батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз 35°C ыстық болады.
Абай облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыс бойынша 35... 38°C қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз 35... 38°C қатты ыстық болады. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз 35... 37°C қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35... 37°C аптап ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда, сондай-ақ облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыс бойынша 38... 40°C аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 38°C аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болады. Батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35... 37°C аптап ыстық болады. Облыстың батысы, шығысы мен орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35... 37°C қатты ыстық болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында күндіз 40... 43°C аптап ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40... 41°C аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35... 38°C аптап ыстық болады. Облыстың батысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 36... 38°C аптап ыстық болады.
Айта кетейік, Павлодар облысында биылғы 20-21 шілде күндері жүріп өткен жойқын құйынның кенеттен пайда болуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туындатқаны анық. Оның себебін әлі күнге жергілікті адамдар еліміздің оңтүстігінде қолданылған жасанды жаңбыр технологиясымен байланыстырып отыр. Kazinform тілшісі жергілікті климатқа тән емес ауа райы құбылысының жай-жапсарын анықтап көрді.