420 жолаушысы бар ресейлік ұшақ шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды

Түркияның Анталия қаласынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бағыт алған ұшақтан техникалық ақау шығып, Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Бортта 420-ға жуық адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы

Бүгін сағат 05:27-де Анталия-Екатеринбург бағытындағы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды. Ұшақта техникалық ақау болды.

«Red Wings» әуе компаниясының Boeing 777 ұшағында 420-ға жуық адам болды.

Қазіргі кезде оларға өзге ұшақ келген. 

«Жолаушыларды отырғызу жұмысы жүріп жатыр. Бұл Анталиядан Екатеринбургке бағыт алған ұшақ. Биыл 3-4 жағдай тіркелді осындай. Таяуда Шарм-эль-Шейхтен де қонды»,- деді Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дастан Малиев.

Фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы