— Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді, — делінген хабарламада.
Ағымдағы жылғы ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда бизнес серіктесін өлтірген күдікті Ресей аумағында ұсталған еді.