Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету ісін құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырған.
Осылайша олар 3 186 заң бұзушыны ұстады. Олардың ішінде 38 шетел азаматы шекараны бұзып, 29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттен.
Мемлекеттік шекара арқылы қандай да бір тауарды заңсыз алып өтудің 1 342 фактісі анықталды. Оны ішінде 49 факті 780 келіден асатын есірткі заттарын алып өтуге, 36 факті атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып өтуге (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер), 38 факті діни әдебиетті өткізуге (842 кітап) қатысты болды. Сондай-ақ жалпы құны 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарын (133 тоннадан астам) 341 рет өткізбек болған. Құны 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарларын өткізудің 744 фактісі, 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасын өткізудің 134 фактісі анықталды.
Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды. Оның ішінде, 54 жүзу құралдары, ұзындығы 244,6 км-ді құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 226 (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар, 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар, 63 (1 тонна) итбалық бар.
«Алды алынған шығын сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар заң бұзушыларды жауапұа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі.