Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.
Айта кетейік, 7 тамыз күні Самара — Шымкент тасжолында жол апаты болып, 5 бала, үш ересек адам көз жұмды.
Арасында әкесі мен екі баласы да бар.
Осы оқиғадан соң облыс әкімдігі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.