Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты.
Іс материалына сүйенсек, биыл тамыз айында ол Самара-Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан «Toyota Ipsum» көлігімен соқтығысады. Көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен сол жолаушылардың бәрі көз жұмды. Сот отырысы кезінде сотталушы бар кінәні мойындады.
— Сотталушы Сергей Соловьев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді судья Алтынбек Сабыров.
Сот жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев 8 жәбірленушіге 55 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.
Еске салсақ, биыл 7 тамызда ірі жол апаты болды. Онда жеңіл көлік ішінде болған адамдар түгел көз жұмды. Арасында Маңғыстау облысындағы жарысқа бала жатқан жас спортшылар болды.